15
июнь
2022
"Бақытты балалық шақ" атты асфальтта сурет салу сайысы
Жоспарға сәйкес "Күншуақ" жазғы лагерь балалармен "Бақытты балалық шақ" атты асфальтта түрлі-түсті бояулармен сурет салу сайысы өткізілді. Әр топтың балалары белсене қатысып, сайыстың қорытындысы бойынша "Жұлдыздар" және "Бірлік" тобы 3 орынды, "Дружба" және "Балдырған "тобы 2 орынды, "Болашақ" тобы 1 орынды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Әр топтың өз жоспарларына сәйкес "Жұлдыздар" тобында көңілді қимыл ойындары, "Болашақ"тобында "Күн, ауа, су - сенің нағыз достарың" атты эстафеталық жарыс, "Дружба" тобында "Біз өнерлі баламыз" атты іс-шара өткізіліп, әр бала түрлі жұмыстар жасап, шеберліктерін көрсете алды.










