«Мұз астынан балық аулау-2019» фестивалі
Георгиевка орта мектебінің ұжымы 2019 жылдың 22 ақпанында Ортабұлақ ауылының «Шаянка» көлінде өткен «Мұз астынан балық аулау-2019» фестиваліне белсене қатысып, сайыс түрлерінен жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, әйелдер командасы арқан тартудан ІІІ орынды жүлделеп, қаппен секіруден әйелдер және ерлер командасы І орынарды иеленді. Сондай-ақ тарих пәнінің мұғалімі Есентаев А.М. гір тасын көтеруден бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздар сыйлықтармен және мадақтамалармен марапатталды.