Біз туралы » Страница 9 » «Георгиевка орта мектебі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
«Георгиевка орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7234) 76-56-90
Есепші бөлімі:
+7(7234) 77-90-60
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектеп сайтына Қош келдіңіздер!
Каратэ бойынша қара белбеуге ие болды
21
декабрь
2023
Каратэ бойынша қара белбеуге ие болды
"Георгиевка орта мектебі" КММ-нің  "Киокушинкай каратэ" үйірмесінің жетекшісі  Амангелды М.А.   5 сағаттық  емтихан барысында  30рет жекпе-жекте  қарсыласын  жеңіп алды.  Каратэ бойынша қара белбеуге ие болып, "Шебер" атағын алды. Әріптесімізді құттықтап, жетістіктерге жете беруіне тілектестігімізді білдіреміз. 
Математикадан аудандық олимпиада қорытындысы
04
декабрь
2023
Математикадан аудандық олимпиада қорытындысы
2023 жылдың 2 желтоқсан күні Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Р. Білім беру ісінің үздігі,  Қ.Р.Білім Беру ісінің Құрметті қызметкері,  «Ы.Алтынсарин атындағы құрмет белгісі» иегері  Мәрзия Айтбайқызы Тұрлыханованың атына алғаш рет 7-8 сынып оқушыларына математика пәнінен олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Олимпиада нәтижесі бойынша 7-сынып оқушысы Медеухан Ақбота жүлделі І орын иегері атанды. Жетекшісі Турсынгалиева Алтын Акжолтаевна.
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындысы
30
ноябрь
2023
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындысы
2023 жылдың  28 қараша күні Семей қаласында 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Олимпиада нәтижесі бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушысы Мүбәрак Маржан ІІІ орын иегері атанды. Жүлдегерді жеңісімен құттықтаймыз!!! 
«Қауіпсіз балалалық шақ!» облыстық постерлер байқауы
27
ноябрь
2023
«Қауіпсіз балалалық шақ!» облыстық постерлер байқауы
2023 жылдың 07-25 қараша аралығында «Қауіпсіз балалалық шақ!» облыстық постерлер байқауы өтті. Байқау нәтижесі байынша 6-сынып оқушысы Алтаева Малика ІІ орын (жетекшісі Г.Ермұрат), 5-сынып оқушысы Нұржанұлы Сұңғат ІІІ орын (жетекшісі Ж.К.Садыкова) иегерлері атанды. Жеңімпаздар мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз!!!
5-6-сынып қыздары арасында волейболдан өткен аудан біріншілігі
23
ноябрь
2023
5-6-сынып қыздары арасында волейболдан өткен аудан біріншілігі
Абай облысының Ұлттық Мектеп Спорт лигасы аясында 5-6-сынып қыздары арасында волейболдан өткен аудан біріншілігінде "Георгиевка орта мектебі" КММ-нің командасы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Жетекшісі Нургалиев О.Б., Мұхаметқалиев Н.Е.
5-6-сынып ұлдары арасында волейболдан өткен аудан біріншілі
23
ноябрь
2023
5-6-сынып ұлдары арасында волейболдан өткен аудан біріншілі
Абай облысының Ұлттық Мектеп Спорт лигасы аясында 5-6-сынып ұлдары арасында волейболдан өткен аудан біріншілігінде "Георгиевка орта мектебі" КММ-нің командасы жүлделі І орынды жеңіп алды. Жетекшісі Абдукаримов А.К
Шағын футболдан  өткен  турнир
18
ноябрь
2023
Шағын футболдан өткен турнир
Ардагер ұстаз Ахтиямберлинов Қабидолла  Тлеугазиновичтің зейнетке шығуына орай дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  шағын футболдан өткен  турнирде  "Георгиевка орта мектебі" КММ-нің командасы жүлделі І орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Абай облысының чемпионатында гір көтеру спорты
17
ноябрь
2023
Абай облысының чемпионатында гір көтеру спорты
Абай облысының чемпионатында гір көтеру спортынан мектебіміздің оқушылары Советханов Диас жұлқа көтеруден ІІІ орын, серпе көтеруден ІІ орын, Қаламбетова Нұргүл серпе көтеруден ІІІ орын, жұлқа көтеруден ІІ орын, Тоқтарбек Аружан серпе көтеруден ІІорын,  Бекешова Айша  жұлқа көтеруден ІІ орын, серпе көтеруден І орын және мектебіміздің инженер маманы Бекбосынов  Асылан Советович серпе және жұлқа көтеруден жүлделі І орын иегері атанды. Сонымен қатар, жетекшісі  Рахимгалиев Даулетқазы Мухтарханұлы
Республикалық "Математикалық регата" олимпиадасының аудандық кезең қорытындысы
15
ноябрь
2023
Республикалық "Математикалық регата" олимпиадасының аудандық кезең
2023 жылдың 15 қараша күні математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық "Математикалық регата" олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиада нәтижесінде мектебіміздің математика пәні мұғалімі Серікжанқызы Ақбота ІІІ орын иегері атанды. Әріптесімізді құттықтаймыз!
ІТ чемпионатта жалпы командалық ІІІ орын иегерлері
15
ноябрь
2023
ІТ чемпионатта жалпы командалық ІІІ орын иегерлері
2023 жылдың 14 қараша күні облыстық «Digital  steam  Abai» ІТ фестивалі, 3 Д модельдеу, бағдарламалау және робототехника «Robotek Grand Tournament» чемпионатының аудандық кезеңі өтті. Фестиваль қорытындысы бойынша жалпы есепте «Георгиевка орта мектебі» КММ командасы ЖҮЛДЕЛІ  ІІІ орын иегерлері атанды. Құттықтаймыз!