22
ноябрь
2024
"Он победил и время, и пространство!" тақырыбында А.С.Пушкиннің 225 жылдық мерей тойына орай әдеби кеш өткізілді.








Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің апталығы аясында "Он победил и время, и пространство!" тақырыбында А.С.Пушкиннің 225 жылдық мерей тойына орай әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында жазушының өмірбаяны, шығармашылық кезеңдері туралы мәлімет беріліп, оқушылардың қатысуымен қойылым көрсетілді. Сонымен қатар ақынның өлеңдері, ертегілері жатқа айтылды. Жас әртістер сахнада өз рөлдерін әсерлі ойнап, көрермендердің ықыласына бөленді. Іс-шараға жауапты Г.М.Ахметжанова мен А.Ә.Әскербековаға әріптестері шығармашылық табыс тілеп, кештің жоғарғы деңгейде өткенін атап өтті.