“Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан:
2025 жылдың 11 қыркүйегі күні мектеп мұғалімдері Қазақстан президенті Қасым‑Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу” атты жолдауында көтерілген ең маңызды тұжырымдарға тоқталып өтті. ҚР Президенті жолдауы ел күткен жаңалықтарға толы болды. Жолдауда айтылған негізгі бағыттар, жасанды интеллект саласын дамыту, ел экономикасына инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы саласын , су ресурстарын дамыту болды.