"Отаным - бақыт мекенім" атты салтанатты жиын
25 қазан - Республика күні мерекесіне орай мектебімізде "Отаным - бақыт мекенім" атты ата-аналар мен ұстаздарға арналған салтанатты жиын өтті. Жиынның құрметті қонағы ретінде мектепішілік қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.К.Жармухаметова, мектепішілік қамқоршылық кеңесінің белсенді мүшелері М.А.Азбергенова мен Х.К.Садуов қатысты. 11-сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, мектептің қоғамдық өмірінде белсенділік танытқан ата-аналар мен оқушылар марапатталды.