Адалдық сағаты
Шәкәрім Құдайбердіұлы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи,» - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдыққа ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді. 2021 жылдың 22 қаңтар күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де 11-сынып оқушыларымен «Адалдық» тақырыбында әңгіме жүргізіліп, «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.