09
март
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында ''Сөз зергері" атты әдеби ой бөлісу
Мектеп кітапханашысы Б.Т.Ержанова мен сынып жетекшісі Г.А.Искакова "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Ғ.Мүсіреповтің 120 жылдығына орай ''Сөз зергері" атты әдеби ой бөлісу өткізді. Шараға 10-сынып оқушылары мен аналары қатысып, жазушының "Ана" тақырыбына жазылған шығармаларын талқылап, кітап оқудың пайдасы туралы ойларын ортаға салды.