18
ноябрь
2021
11-сынып оқушыларынан пәндер бойынша тәжірибе жүзінде тест алды.
2021 жылдың 15 қараша күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де Ұлттық тест орталығының жетекші сарапшысы Е.Қ.Шолғаубаев 11-сынып оқушыларынан пәндер бойынша тәжірибе жүзінде тест алды. Қазақстан бойынша жүргізіліп жатқан зерттеу жұмысы барысында ҰБТ базасында сұрақтарды апробациядан өткізу басты мақсат екендігі айтылып, оқушылар да өздеріне тәжірибе жинақтап, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.