02
март
2021
«Темперамент және мамандық» тақырыбында тренинг
2 наурыз күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-нің мектеп психологтары А.Н.Кокиева мен А.Ж. Фазымова 11 «А» сынып оқушыларымен «Темперамент және мамандық» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: мектеп бітіруші түлектердің бойындағы үрей, қорқыныш, қобалжу, алаңдаушылық, күйзеліс белгілерін жою және қолдау көрсету. Тренинг барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін және сенімділіктерін дамытып, мазасыздық сезімдері мен үрейлерін жеңе білді.