Неделя МО учителей математики и информатики
2020 жылдың 14 ақпан күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де математика және информатика пәндер бірлестігінің апталығының қорытындысы ретінде «Миллион кімге бұйырады?» атты интеллектуалдық ойыны өткізілді. Аталған шараға 9-10-11-сыныптар оқушыларынан 14 қатысушы қатысып, олардың ішінен топ жарған 6 оқушы Хасенова Гүлзат 10 «Б» сынып оқушысы, Қуандық Айым 10 «А» сынып оқушысы, Табыс Сымбат 11 «А» сынып, Манарбек Әлібек 11 «А» сынып, Бекенова Дильназ 11 «А» сынып оқушысы, Қадесов Батырхан 10 «А» сынып оқушылары іріктелініп алынып, «Миллион кімге бұйырады?» ойынын теледидардағыдай ұпай саны жоғары оқушы жекелей жүргізуші, математика пәні мұғалімі А.А.Турсынгалиевамен бетпе-бет отырып, ойынын ойнады. Бұл шараға демеуші болған «К & М» банкі, атап айтсақ, математика пәні мұғалімдері Мукажанова Камиля Шакеновна және Мурзагулова Меиргуль Калеловна. Ойын 3 айналымнан тұрды және төмендегі оқушылар ақшалай сыйлыққа ие болды: 1-қатысушы Хасенова Гүлзат 10 «Б» сынып оқушысы, Қуандық Айым 10 «А» сынып оқушысы, Табыс Сымбат 11 «А» сынып оқушысы.