«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуы
2020 жылдың 3 ақпан күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің ашылуына орай, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері М.Қ. Кабаева және А.О.Ұлыбаева «Жүректен жүрекке», «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция барысында оқушылар мен мұғалімдерге тілектер жазылған тәттілер мен ойыншықтар таратылып, тамаша көңіл-күй сыйлады. Сонымен қоса, 5-6-сынып оқушыларымен салтанатты жиын өткізілді. Жиында «Өзін-өзі тану» пәнінің негізін қалаушы Сара Алпысқызының өмірі мен шығармашылығы жайлы видео материал көрсетіліп, оқушылар өлең жолдарын оқыды және 6-сынып оқушысы Жарқын Ербайдың орындауында «Мерекелеріңізбен!» әнімен қорытындылады.