16
декабрь
2019
«Адлер» теориясы
«Георгиевка орта мектебі» КММ-де А.О.Ұлыбаеваның ұйымдастыруымен 6 «Г» сынып ата-аналарымен «Бақытты отбасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп психологы А.Кокиева тәрбиелеу мақсаттары мен өмірлік міндеттер тақырыбын көтеріп, «Адлер» теориясы бойынша тренинг өткізді. Мақсаты: «Адлер» теориясы туралы түсінік қалыптастыру, агрессия психологиялық тұжырымдамасын және конфликтілерден шығудың конструктивті стратегиясын талдау. Ата-аналар тренингке қызығушылықпен белсене қатысып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.