Ризашылық білдіремін!
«Георгиевка орта мектебі»КММ-де 2019 жылдың 27 қарашасында Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған жоспары аясында мектеп психологтары А.Кокиева мен М.Кабаеваның ұйымдастыруымен оқушылардың бойындағы күйзеліс пен қанағаттанбаушылық сезімінен арылту, жағымсыз ойдан тез арылып, игі іске ниеттену мақсатымен «Ризашылық білдіремін!» тақырыбында Акция жүргізді. Акция барысында мотивация ретінде оқушыларға қаламдар мен қарандаштарға «Сен болашақ жұлдызсын!» , «Сен керемет адамсын», «Сен ақылдысын!», «Сен мықтысың!», «Сен адал доссың!» «Сен бізге керексін!», «Сенің қолыннан бәрі келеді» т.б тамаша сөздер арқылы оқушыларға ризашылық білдіріп, көңіл-күйлерінде жағымды әсер қалдырды.