«Қыз гинекологиясы» атты дәріс.
2019 жылдың 13 қарашасында «Георгиевка орта мектебі» КММ - де 7-11 сынып оқушыларына «Жарма ауданының білім бөлімі»ММ-нің кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, қараусыз және қадағалаусыз қалудың алдын алу және ерте жастағы жыныстық қарым-қатынасты болдырмау мақсатында жүргізілетін ведомствоаралық іс-қимыл жоспарына сәйкес Аудандық аурухананың психологиялық көмек беру кабинетінің дәрігері Сулейменова С.С., ЖАІІБ кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекция бөлімшесінің аға инспекторы Акимбаева А.М., ювеналдық инспекторы полиция капитаны Ракишева Э.М. тарапынан, ерте жүктіліктің қасіреті туралы дәріс жүргізілді. Іс-шара барысында «Ерте жыныстық қатынастың зияны», «Жеке бас гигиенасы» атты әңгімелер жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар жиналысқа белсене қатысып, сұрақтар қойып отырды. Қыздар жиналысына мектеп әкімшілігі, психологтар қатысты.