22
ноябрь
2025
"Ұшқыр ой алаңы"




"Тіл мен рух" жасанды интеллект адамдық құндылықтар айнасы" тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Калмакбаева Г.Е. мен Нұрсапанов Е.Н. 6-сыныптар арасында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының мазмұнына сәйкес "Ұшқыр ой алаңы" жобасы бойынша Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай "Абайды оқы, таңырқа!" зияткерлік ойынын өткізді. Ойын 5 кезеңнен тұрды.Әр кезеңде Абай Құнанбайұлының өмірінің қызықты кезеңдері мен өлеңдерінен әр түрлі сұрақтар қойылды. Оқушылар әр кезеңдегі сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді. Ойын соңында ақынның "Көзімнің қарасы" әні орындалды.Оқушылар ақын Абай туралы мол мәлімет алып, білімдерін толықтырды.