«Жаңа мамандық түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
19 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің апталығы аясында 8 «Е» сыныбында Кошкинбаева Айжан Сайлаубековна «Жаңа мамандық түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында мұғалім оқу мақсатын нақты айқындап, сабақ құрылымын жүйелі жоспарлаған. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, тақырыпқа байланысты мәтіндер ұсынды. Мұғалім оқушыларды топтық жұмысқа тарта отырып, олардың сөздік қорын дамытуға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік жасады. Сабақта «ЗҚ әдісі», мәтінмен жұмыс сияқты тиімді тәсілдер қолданылды. Оқушылар жаңа ақпаратты меңгеріп, тақырыпқа қатысты өз ойларын еркін білдіріп, сабаққа белсене қатысты.