18
ноябрь
2025
«ЭКСПО-2017.Құрмалас сөйлем» тақырыбында


18 қараша күні апталық аясында 9 «Б» сыныбында қазақ тілінен «ЭКСПО-2017.Құрмалас сөйлем» тақырыбында Айтмурзакова Нургуль Джумагазыновна ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім оқушыларға ЭКСПО көрмелерінің тарихымен таныстырып, оның Қазақстан үшін маңызы туралы толық мәлімет берді. Заманауи әдіс-тәсілдерін , ЖИ мүмкіндігін тиімді қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлау, талдау, топта жұмыс істеу қабілеттерін дамытуды мақсат етті. Балалар ЖИ көмегімен мәтіндегі ойды ықшамдап тезис, аннотация жазып, өз ойларын дәлелдеп, жаһандық мәселерге (энергия тапшылығы, экология) бейжай қарамайтынын жеткізді. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді.