17
ноябрь
2025
15 қараша – Ұлттық валюта күні!




15 қараша – Ұлттық валюта күні!Мектебімізде осы атаулы күнге орай сынып сағаттары өтті. Оқушылар теңгенің тарихы, оның еліміздің тәуелсіздігімен тығыз байланысы туралы мағлұмат алып, ұлттық валютамыздың маңызын терең түсінді.
Сабақ барысында оқушылар қызықты деректермен танысып, викториналарға қатысып, өз ойларымен бөлісті. Теңге – еліміздің экономикалық егемендігінің символы екенін тағы да бір сезіндік.