5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай, қазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын, ғұлама ойшыл А. Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант өтті.
«Ұлы Абай туралы қызықты 10 дерек» тақырыбымен өткен диктантқа 8-11 сынып оқушылары қатысты.