“Аталар жолымен, ағалар ізімен” атты аталармен кездесу
2024 жылдың 12 маусым күні мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы демалыс лагерінде “Даналық мектебі” аясында “Аталар жолымен, ағалар ізімен” атты аталармен кездесу өтті. Аталар өздерінің өнерін, қазақи салт-дәстүрімізді көрсетіп, тыйым сөздердің мағынасын ашты. Баталарын беріп, ізгі тілектерін білдірді.