17
май
2024
1-11-сыныптардың ата-аналарының қатысуымен мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
2024 жылдың 17 мамыр күні мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Б.Д.Болатбекова және 1-11-сыныптардың ата-аналарының қатысуымен мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында "Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін жетілдіре отырып, оқу үдерісінде инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру" проблемалық тақырыбы аясында мектеп директоры А.Ж.Даутова 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша есеп берді. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықпен таныстырып, "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының жұмысы жайлы есеп берді. Сонымен қатар, жазғы демалысты ұйымдастыру, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы ақпараттар беріліп, әр түрлі мәселелер қарастырылды.














