03
май
2024
"Ағасы бардың, жағасы бар" тақырыбында дискуссиялық пікірталас
Оқушылар аға тәрбиесінің отбасында алар орны зор екенін түсіну, барға – құрмет, үлкенге ізеттілік қалыптастыру мақсатында, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында педагогикалық қолдау орталығының "Ағалар" мектебінің мүшелерінің және 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен "Ағасы бардың, жағасы бар" тақырыбында дискуссиялық пікірталас ұйымдастырылды. Дискуссия соңында ағалар кері байланыс беріп, аға мен бауыр арасында байланыс нығая түсті.