24
апрель
2024
«Біз өмірде достықты бағалаймыз» тақырыбында ойын - жаттығулар
23 сәуір күні «Георгиевка орта мектебі» КММ –де мектеп психологы Б.Қабидоллаеваның жоспарына сай оқушылардың арасындағы жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету мақсатында 1 «В» сынып оқушыларымен «Біз өмірде достықты бағалаймыз» тақырыбында ойын - жаттығулар ұйымдастырылды. Жұмыс барысында оқушылар «Биші адамдар», «Көңілді жаттығу», «Арт-терапия элементтері» ойындары ойнатылды. Оқушылар әр жаттығуға бар ықыластарымен, жоғары көңіл-күймен қатысты.