23
январь
2024
Апталық аясында қазақ тілінен ашық сабақ
2023-2024 оқу жылында аттестациядан өтетін мұғалімдер апталығы аясында Байдельдинова Айгерим Кайратовна 5 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Қиял мен шындық бірлігі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабақ мақсатына жету үшін 4 дағдымен жұмыс жасады. Атап айтсақ, «Керқұла атты Кендебай» ертегісінен үзінді тыңдап, мақал- мәтелдердің мағынасын ашып айтып, зат есімдердің түрлерін құрлымына қарай талдап жазып, оқулықпен жұмыс жасады.


