05
декабрь
2023
"Буллинг және кибербулинг деген не?"
5 желтоқсан күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологы Б.Қабидоллаеваның жоспарына сай оқушыларды жасөспірімдер арасында кездесетін қорқыту, үркіту, бопсалау, әлеуметтік желі арқылы келемеждеудің алдын алу мақсатында 5 «Б» сынып оқушыларымен "Буллинг және кибербулинг деген не?" тақырыбында ашық әңгімелесу өткізіліп, оқушыларға видеоролик, слайдтар көрсетілді. Оқушылар буллингтен қорғану, алдын алу жолдарымен танысып, өз ойларымен бөлісті.