24
ноябрь
2023
"Бала құқығы - асыл қазына" тақырыбында эссе байқауы
«Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» республикалық онкүндік аясында "Бала құқығы - асыл қазына" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ш.К.Кемерханова мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Э.И.Орынбаеваның ұйымдастыруымен 5-11-сынып оқушылары арасында эссе байқауы ұйымдастырылды. Пән мұғалімдері "Бала құқығы туралы" қысқаша ақпарат беріп, балалар өз ойларын эссе түрінде жеткізді.