07
июнь
2023
3"В" сынып оқушылары Өскемен қаласындағы этноқалашыққа саяхатқа барды
3"В" сынып оқушылары Өскемен қаласындағы этноқалашыққа саяхатқа барып, әр түрлі ұлттардың үйлеріне кіріп танысты. Абай Құнанбаевқа арналған киіз үйде мол мағлұмат алып, қазақ халқының салт-дәстүрімен, көне құралдармен танысты. Таңғажайып домбыраның үнін ұйып тыңдап, киіз сырмаққа отырып демалды.
Оқушылар зообақта Қызыл кітапқа енген аң, құстарды көріп, саяхаттың соңында кинотеатрға барып кино көрді. Саяхаттан өздеріне көп ақпарат және керемет әсер алды.
Оқушылар зообақта Қызыл кітапқа енген аң, құстарды көріп, саяхаттың соңында кинотеатрға барып кино көрді. Саяхаттан өздеріне көп ақпарат және керемет әсер алды.