06
апрель
2023
Құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын алу жолдары туралы профилактикалық әңгіме
Жарма ауданы кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі полиция аға лейтенанттары Р.М.Муратов пен М.К.Мамилов 8-10-сынып ұлдарымен құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын алу жолдары туралы профилактикалық әңгіме жүргізді. Мектептің ішкі тәртіп ережесінің сақталуы, кешкі уақытта заңды өкілсіз жүрмеу, зиянды заттарды қолданбау сияқты түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелерін айтып, оның салдары мен жауапкершілігі туралы ескертті.