16
март
2023
Жалпы ата-аналар жиналысы
2023 жылдың 16 наурыз күні "Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың рөлі" тақырыбында мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Д.Б.Болатбекованың қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста күн тәртібіне сәйкес баяндама оқылып, мектеп психологтары тарапынан тренинг ұйымдастырылды. Жиын соңы Наурыз мерекесі қарсаңында 5-сынып оқушыларының ән-шашуымен қорытындыланды.