01
март
2023
«Алғыс айту - парызым» тақырыбында іс-шара
1 наурыз күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаеваның ұйымдастыруымен балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында «Алғыс айту - парызым» тақырыбында іс-шара өткізді. Шара барысында мектеп ұжымына 3«Б» және 3«В» сынып оқушылары қолдан сыйлық жасап, алғыстарын білдірді. Мектеп психологтары мұғалімдерге арнап хат пен бейнеролик әзірледі. Іс-шара барысында оқушылар мен мектеп ұжымының көңіл-күйлері көтеріліп, қарым-қатынастары нығая түсті.