22
февраль
2023
«Жағымды қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық жұмыс
22 ақпан күні «Георгиевка орта мектебі» КММ-де мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаеваның ұйымдастыруымен 8«В» сынып оқушыларымен өзара қарым-қатынасты дамыту, өзін–өзі бағалауын арттыру, көңіл-күйді және эмоцияны реттеу мақсатында «Жағымды қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық жұмыс ұйымдастырылды. Жұмыс барысында бірнеше жаттығулар өткізілді. Атап айтсақ: «Сен күштісің», «Көңілді іздер», «Бәрі жұлдыздар» және «Ауа райы ағашы» арт-терапиясымен жалғасын тапты. Жұмысқа оқушылар өте белсенді қатысып, өз ойларын ашық жеткізе білді.