18
январь
2023
"Бірлігіміз жарасқан" тақырыбында 7 «Ә» сынып оқушыларымен психологиялық жұмыс
"Георгиевка орта мектебі" КММ-де 18 қаңтар күні мектеп психологтарының жоспарына сай оқушылар арасында жағымды көңіл-күй тудыру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыныпта сыйластық қарым-қатынас орнату мақсатында "Бірлігіміз жарасқан" тақырыбында 7 «Ә» сынып оқушыларымен психологиялық жұмыс жүргізілді. Жұмыс барысында оқушылар сыныптағы жақын достары жайында ашық айтып, "Досым, сен қайдасың? " тақырыбында сурет салып, жоғары көңіл күйде болды.