23
декабрь
2022
«Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі
2022 жылдың 23 желтоқсан күні 1-сынып оқушыларының әліппеден алған білімдерін бекіту, білімімен қоса өз өнерін көрсету мақсатында «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік барысында оқушылар келген қонақтар мен "Ана тілі" оқулығына өлең жолдарын оқып, әртүрлі қызықты тапсырмалар орындап, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Мереке соңында оқушыларға жақсы тілектер айтылды.