06
декабрь
2022
Мектепішілік «Толағай» спорттық сайысы
2022 жылдың 5 желтоқсан күні дене шынықтыру пәні мұғалімдері Р.Т.Серікқазы, О.Б.Нургалиев, Ә.Қ.Абдукәрімовтың ұйымдастыруымен 8- сынып оқушылары арасында мектепішілік «Толағай» спорттық сайысы өткізілді. Сайысқа әр сыныптан 4 ұл, 4 қыз оқушыдан құралған «Комета», «Сұңқар», «Eagles», «Жалын» топтары қатысты. 7 кезеңнен тұрған сайысқа балалар ерекше қызығушылықпен қатысып, эстафеталық және логикалық тапсырмаларды орындады. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша 1-орынға «Жалын» командасы ие болса, «Eagles» командасының балалары екінші орын жеңімпазы атанды. Ал үшінші орынға «Комета» және «Сұңқар» командалары шықты.












