12
декабрь
2022
«Көңіл күй» жәшігі акциясы ұйымдастырылды
«Гергиевка орта мектебі» КММ-де 12 желтоқсан күні мектеп психологтары А.Кокиева мен Б.Қабидоллаеваның ұйымдастыруымен мектеп дәлізінде оқушылардың 2 күндік демалыстан кейінгі эмоционалды күйлерін анықтау және зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Көңіл күй» жәшігі акциясы ұйымдастырылды. Акцияға оқушылар белсенді қатысып, ұйымдастырылған психологиялық жұмыстың нәтижесінде оқушылардың басым бөлігінің көңіл-күйлері көтеріңкі екендігі анықталды. Достарының сабаққа келмеуіне байланысты көңіл - күйлері орташа болған оқушылар да болды. Осының өзі мектеп оқушыларының өзара жылы қарым-қатынасын көрсетеді.
Барлық мектеп оқушыларына әрқашан жарқын көңіл-күй сыйлауға тырысамыз!
Барлық мектеп оқушыларына әрқашан жарқын көңіл-күй сыйлауға тырысамыз!