20
октябрь
2022
«Қазақстан еліне сиқырлы саяхат» тақырыбында зияткерлік ойын
«Георгиевка орта мектебі» КММ-нің мектеп кітапханашылары Б.Ержанова мен А.Саржанова жоспарға сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жоба аясында Республика күніне орай 5-сынып оқушыларымен «Қазақстан еліне сиқырлы саяхат» тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді. Шара барысында оқушылар «Қазақстан еліне сиқырлы саяхат» кітабы бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерімен сайысқа түсті. Нәтижесінде екі топтың жинаған ұпай сандары теңесіп, достық жеңді. Сонымен қатар, «Менің Отаным - Қазақстан» кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, оқуға ұсынылды.