23 мамыр күні 4"В", 4"Г", 4"Е" сыныптары бастауышпен қоштасу салтанатты жиынын өткізіп, 4жыл бұрын әліппені ұстатып, жазуды үйреткен алғашқы ұстаздарымен қимастықпен қоштасты. Кешегі бүлдіршін сәбилер 1-сыныптан бергі естеліктерімен бөлісе отырып, бүгінгі күні орта буынға нық сеніммен аяқ басты.