27
апрель
2022
«Қазақстан майдан арсеналы» тақырыбында ашық сабақ
Тарих және өзін – өзі тану пәндері мұғалімдерінің апталық жоспарына сәйкес Байбатшаева Айнур Советовна 8 «Б» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстан майдан арсеналы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушыларға ашық сабақ барысында "Стоп кадр" әдісі арқылы видео көрсетіліп, кластер жасады. Әр тапсырманы орындауда оқушылар қызығушылықпен белсене қатысты. Ал жас мамандар еңбек жолына қажет жаңа әдіс – тәсілдермен қоржындарын толықтырды.