13
декабрь
2024
Бейсембинова Жанар Зиратбековна 4 «Б» сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен "Біріккен сөздер" тақырыбында ашық сабақ өткізді




Бүгін, яғни 12 желтоқсан күні аттестациядан өтетін мұғалімдердің “Білімді ұрпақ-ертеңгі болашақ“ апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Бейсембинова Жанар Зиратбековна 4 «Б» сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен "Біріккен сөздер" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар біріккен сөздердің жасалу жолын және тірек сөздер арқылы монолог құрады. «Сәйкестендіру» , «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы біріккен сөздерді ажыратты. Жасанды интеллект арқылы оқушылар монолог тыңдап, "wordwall" әдісімен сабақты бекітті.