09
декабрь
2024
Аттестациядан өтетін мұғалімдер апталығы аясында

Аттестациядан өтетін мұғалімдер апталығы аясында Ермекова Алма Сериковна 8 "Г" сыныбында көркем еңбек пәнінен "Этностильдегі бұйымдарды жасау (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері). Сәндеу. Әшекелеу" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында тақырыпқа сай "Қазақша оюды қимылмен жасау" арқылы сергіту сәті ұйымдастырылып, "Бірлескен әңгіме", "Сұхбатқа шолу", "Екі қолды жұмысқа жұмылдыру" әдістері арқылы тапсырманы орындады. Кері байланысқа "Сән көрсетілімі" әдісі қолданылып, сабаққа қойылған мақсатына жетті.