13
март
2024
А.С.Ермекова мен М.К.Берикканова өткізген "Әсемдік әлемінде " атты сыныптан тыс шеберлік сағаты
2024 жылдың 12 наурыз күні "Өнерлінің өзегі талмас" апталығы аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімдері А.С.Ермекова мен М.К.Берикканова "Әсемдік әлемінде " атты сыныптан тыс шеберлік сағатын өткізді. Іс-шара барысында психологиялық ахуалды орнатуда 7- сыныптың қыздары бір-біріне тілек айтып "Достық білезігін" тақты. Сарамандық жұмысы барысында қатысушылар таспалы шашбау тігуде өз шеберліктерін көрсетіп сән үлгісіне ұсынды, ал көрермендерге шаш күтімі, шашқа байланысты ырымдар мен тыйымдар айтылды. Шеберлік сағатына оқушылар белсене қатысты.