"Аталар мектебі"
5 ноябрь күні мектебімізде педагогикалық қолдау орталығының "Даналық мектебінің" жұмыс жоспарына сәйкес "Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" ұғымының қыр-сырына терең бойлай отырып, ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында "Бабалар дәстүрі - ұрпаққа өсиет" тақырыбында "Аталар мектебі" мүшелерінің қатысуымен шеберлік сағаты өткізілді. "Атаның ұлы - атасына тартып туар" демекші аталарымыз балаларға қамшы өрудің әдістерін көрсетіп, қазақ халқында қазақ қамшыны не үшін киелі, қасиетті санағанының