«Доссыз өмір бос!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Бүгін мектеп психологы Б.Қабидоллаеваның жоспарына сай 3 «Б» сынып оқушыларымен достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы, оқушылардың достық қасиеттерін ұштау, өмірден адал да, шыншыл дос таба білуге баулу мақсатында «Доссыз өмір бос!» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Тренинг соңында оқушылар достық сезімді бойларына сіңіріп, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуді үйренді.