29
март
2022
PISA- халықаралық зерттеу
отдела образования Жарминского района КММ-де 24 март күні мектеп психологтары А. Н. Кокиева мен Б. А. Кабидоллаева PISA- халықаралық зерттеуге дайындық кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту және көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Бағалауға дайындық кезінде оқушыны психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Кездесу барысында оқушыларға көмек ретінде жадынамалар таратылып, «PISA халықаралық зерттеуге қатысуға психологиялық дайындығын өзін-өзі бағалау» сауалнамасы алынды. Тренинг соңында оқушылардың өздеріне деген сенімділіктері артып, көңіл-күйлері көтерілді.






