12
февраль
2022
"Мектеп кітапханасына кітап сыйла" акциясы
Мектебіміздің ата-анасы, "Мектеп кітапханасына кітап сыйла" акциясының белсенді қатысушысы Есенжолова Жанат Сырлыбаевна 10 "А" сынып оқушыларының атынан мектеп кітапханасына Шығыс Қазақстан облысы жазушыларының кітаптарын сыйлады. Демеушілік танытқан ата-анамызға алғыс білдіре отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.
