15
сентябрь
2021
«Отбасы – өмір аясы» тақырыбында шығарма, эссе
Отбасы күні мерекесіне орай қазақ тілі пәні мұғалімі А.К.Байдельдинова және орыс тілі пәні мұғалімі А.Т.Кадылбекова 5-11-сынып оқушыларына «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында шығарма, эссе жазғызып, жанұя жайлы ойларын қағаз бетіне түсіртті. Сондай-ақ, мектеп психологтары А.Н.Кокиева мен Б.А.Қабидоллаева «КZ ұрпағын тәрбиелеудегі отбасылық құндылықтар» тақырыбында ата-аналар клубының отырысын ұйымдастырып, психологиялық тренинг өткізді. Отбасымыз аман, болашағымыз жарқын болсын!


