Олимпиада - жеңістің шыңы! » отдела образования Жарминского района КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Коммунальное государственное учреждение
«Георгиевская средняя школа»
отдела образования Жарминского района
управления образования области Абай
Приемная
+7(7234) 76-56-90
Бухгалтерия
+7(7234) 77-90-60
Версия для
слабовидящих
Мектеп сайтына қош келдіңіздер!
16
январь
2018

Олимпиада - жеңістің шыңы!

Январь айының 4-7 күндері аралығында Усть-Каменогорск қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі болып өтті. Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімдерін тереңдету, дарынды балаларды анықтау, дамыту, қолдау. Жарма ауданының намысын қорғаған 30 үміткердің ішінде Георгиевка орта мектебінің оқушылары да өз білімі мен біліктілігін сынауға осы олимпиадаға аттанған болатын. Олар 10 сынып оқушылары Оразхан Сағи мен Самекенов Данияр, 11 сынып оқушылары Рымханова Айдана, Мамбетниязов Аймұрат және Даниярова Асима.

Білім сайысында облысымыздың барлық аудандары мен қалаларынан қатысқан 690 оқушының ішінде бабы мен бағы қатар шапқан оқушыларымыз өте жақсы нәтижелер көрсетіп, барлығы да жүлделі орындарға ие болды. Нақтырақ айта кетсек жүлделі III орынды Оразхан Сағи математика пәнінен мұғалімі Мукажанова К.Ш., Самекенов Данияр география пәнінен мұғалімі Қайырбеков Е.Б., Даниярова Асима орыс тілі пәнінен мұғалімі Ахметжанова Г.М., II орынды Рымханова Айдана қазақ тілі пәнінен мұғалімі Айтмурзакова Н.Д. және Мамбетниязов Аймұрат информатика пәнінен мұғалімі Мурзагулова М.К. жеңіп алып мектебіміздің мәртебесін бір көтеріп тастады. Барлық олимпиада жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтаймыз.

Оқушылардың олимпиадаға дайындығы кезінде баланың өз қабілетіне деген сенімділік сезімін оятып, қолдау көрсеткен ата-аналарға алғыс білдереміз!

Ұстаз қызметінің нәтижесі де, таразысы да білім берген оқушыларының жетістігі десек, осы оқушыларға білімнің нәрі мен ғылымның жетістіктерін бойларына сіңдіре білген ұстаздар қауымына шығармашылық табыстар тілейміз!


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Последние новости

Все новости

Лента новостей - Лента новостей

[/aviable]