28
апрель
2021
«Қазақстан- мейірімділік мекені»
отдела образования Жарминского района КММ 2021 жылдың 10-26 сәуір аралығында «Қазақстан- мейірімділік мекені» атты республикалық бастамасының аясында балаларды айналасындағы көмекке мұқтаж адамдарға бағытталған игі істер жасауға ынталандыру іс-шараларын ұйымдастыру, қоршаған ортаға деген мейірімді қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Табиғат-тіршілік нәрі» атты құс үйін жасау акциясы өткізілді. Акцияға 1-4 сынып оқушылары белсене қатысты. Іс-шара барысында оқушылар ата-аналарымен бірлесіп құстарға ұя жасап, тоғайларға іліп, тамақ берді. Аталған шара балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытуға өз септігін қосты. Осы бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.






























