«АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ»
2020 жылдың 15-16 февраль күндері Алматы қаласында қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мәңігілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында І республикалық «АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ» атты Абайдың қара сөздеріндегі афоризмдерді талдау олимпиадасы және жас ақындар мүшәйрасы өтті. Аталған байқауға отдела образования Жарминского района КММ-нің 7-сынып оқушылары «Жас ақындар мүшәйрасы» бағамы бойынша бақтарын сынады. Байқау нәтижесінде 7«Б» сынып оқушысы Жақан Айзере ІІІ орын, 7 «В» сынып оқушысы Қамысбаева Жаннұр ІІІ орын, 7 «Г» сынып оқушысы Майчекенова Ақерке ІІІ орынды иеленді. Байқауға шәкірт дайындап, ұлы тұлғаның баға жетпес мол мұрасын жас дарындардың санасына сіңіру мен өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты дарыту жолында жасаған қажырлы еңбектері үшін мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Байдельдинова Айгерім Қайратовна мен Иманбаева Ақмарал Болатбекқызы ұйымдастырушыларды Алғыс хаттарымен марапатталды.



